
Есіл ауданында аялдама павильондарындағы пандустарға тайғанамайтын жабындар орнату жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған. Қыстың көктайғақ мезгілінде азаматтардың тайып құлап жарақат алу қаупін азайту үшін аудан аппараты осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда.