
Әзірбайжан Мәмбетов атындағы драма және комедия театрында балаларға арналған «Қауіпсіз болашақ» атты спектакльдің тұсаукесері өтті. Іс-шараны Есіл ауданы әкімінің аппараты, аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы және қалалық Мәдениет басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.
Қойылымның басты мақсаты – балалардың төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру мен ақпараттандыру. Қызықты әрі әсерлі түрде сахналанған спектакль барысында жас көрермендер өрт қауіпсіздігі ережелерімен, төтенше жағдай туындаған сәттегі жасалатын әрекеттермен танысып, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараудың маңызын ұғынды.