Бүгін Астанадағы «Тельман» тұрғын алабының жұртшылығы үшін қуанышты күн — аумақ табиғи газға қосылды. Соның арқасында ондағы 308 үй табиғи газға қол жеткізуге мүмкіндік алды. Бұл қадам халықтың өмір сүру сапасы мен экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталады және қаланы газдандырудың ауқымды жобасының бөлігі болып табылады.
Энергетика басқармасы «Тельмана» тұрғын алабын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 6,8 км орта қысымды жеткізуші газ құбырын салуға атсалысты. Сонымен қатар, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалының инвестициялық бағдарламасы аясында 15,8 км төмен қысымды тарату газ желілерінің құрылысы жүзеге асырылды.
Табиғи газға көшу тұрғын алаптағы және жалпы қаладағы ауа сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
Жаңа тұрғын алаптың табиғи газға қосылуы – заманауи әрі экологиялық қауіпсіз қаланы қалыптастыру жолындағы тағы бір маңызды қадам. Газдандыру жобасы астаналықтардың өмір сүру сапасын арттырумен қатар, Астананың экологиялық тұрақтылығы жоғары қала ретінде дамуына үлес қосады.
«Астананы газдандыру – экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру жайлылығын арттыруға бағытталған стратегиялық жоба. Біз нақты нәтижелерді көріп отырмыз және тағы бір тұрғын алаптың осы үдеріске қосылғанына қуаныштымыз. Қазіргі таңда біз «Шұбар» және «Кірпішті» тұрғын алаптарында газдандыру жұмыстарын аяқтау үстіндеміз. Іске қосу жақын уақытта жоспарлануда», – деді қала әкімдігінің газдандыру бөлімінің басшысы Рахымжан Алтынбек.