Есіл ауданында елорданың дизайн код талаптарына сай келмейтін сыртқы жарманаларды алу жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері 515 маңдайша және 666 электронды жарнамалық нысан алынып тасталды.
Бұл жұмыстар "Астана-Жарнама" КММ көмегімен жүзеге асырылуда.
Еске саламыз, 2025 жылдың 15 наурызынан бастап жарнаманы орналастыру тек "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер басқармасына" хабарлама жібергеннен кейін ғана рұқсат етіледі.