ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

                                                                                                      

Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету қағидасына сәйкес, тұрғын үйді газдандыруға біржолғы әлеуметтік көмек төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен жан басына шаққандағы табысы болғанда және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, Астана қаласы газдандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес газдандыруға жататын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын:

– жасы бойынша зейнеткерлерге; мүгедектігі бар тұлғалар; мүгедектігі бар балаларға;  көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға; жетім балаларға,     ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне; асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтарға (бірге тұратын 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға, оның ішінде 23 жасқа дейін күндізгі бөлімде оқитын балалар үшін) беріледі.

 

Әлеуметтік көмектің көлемі 130 АЕК (511 160 теңге) аспайтын газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.

Әлеуметтік көмек алу үшін www.egov.kz (Электрондық өтініштер) веб-порталы арқылы немесе Бейбітшілік көшесі, 9-үйде орналасқан Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына төмендегі құжаттарды қосып өтініш ұсынады:

1)  жеке бас куәлігі;

2)  отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;

3) мәртебені растайтын құжаттың көшірмесі (зейнеткерлiк куәлiгi, мүгедектiгi жөнiндегi анықтамасы, балалардын туу туралы куәлігі);

4) жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) жөнiндегi анықтама;

5) арызданушының газ құбырын төсеп салуға және орнатуға байланысты нақты шығындарын растайтын құжаттар (сервистік қызмет көрсетуге арналған шарты, жабдықты сатып алу чектері, орындалған жұмыстар актісінің көшірмелері);

6) екінші деңгейлі банктегі немесе «Қазпочта» акционерлік қоғамындағы банк шоты туралы мәліметтер.

 

Толық кеңес алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуға болады:

55-74-50, 8(771)804-16-25