Есіл ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында балалар үшін ерекше танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Шара барысында бүлдіршіндер Ботаникалық бақтың оранжереясына барып, онда өсетін сан алуан экзотикалық өсімдіктермен танысты.
Аталған іс-шара жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеуге бағытталады.