АВТОБУC ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ ИНКЛЮЗИЯ ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚЫТУ ӨТКІЗІЛДІ

АВТОБУC ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ ИНКЛЮЗИЯ ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚЫТУ ӨТКІЗІЛДІ

Есіл ауданы әкімінің инклюзия мәселелері жөніндегі кеңесшісі Жанат Қабдулла қоғамдық көлік жүргізушілеріне арнап оқыту сабағын ұйымдастырды. Шара барысында арбамен қозғалатын азаматтарды автобусқа дұрыс отырғызу мен түсірудің ережелері түсіндіріліп, жүргізушілерге тәжірибелік кеңестер берілді.

Бұл бастама инклюзивті қоғам құруға, әрбір тұрғынға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.