Есіл ауданында нашақорлыққа қарсы 30 күндік іс-шаралар кешені аясында көңіл көтеру орындарында түнгі рейд өтті. Оның мақсаты шекпейтін темекі бұйымдарын сату және пайдалану фактілерін болдырмау болды.
Тексеру барысында аталған өнімді таратқаны үшін жауапкершілік жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Рейд қорытындысы бойынша Заң бұзған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.