Есіл ауданында жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен буллингтің алдын алуға бағытталған түсіндіру шаралары жалғасуда. Бүгін №108 және №88 мектептерінде «Заң және тәртіп» акциясы аясында арнайы лекциялар ұйымдастырылды.
Кездесулер барысында оқушыларға буллингтің салдары, оның заң алдындағы жауапкершілігі мен кибербуллингтен қорғану жолдары туралы кеңінен түсіндірілді. Балалар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан толыққанды жауап алды.
Шараға аудан әкімдігі мен Есіл ауданы прокуратурасының өкілдері қатысты. Спикерлер жасөспірімдерге арнап өзара сыйластық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.