«Заң және тәртіп» нарративін іске асыру аясында Есіл ауданы әкімдігі аудандық Прокуратурамен, құқық қорғау органдарының және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесіп Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығында «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, әрбір азаматқа қолжетімді әрі уақытылы заң көмегін қамтамасыз ету.
Кеңес беру пункті «Mega Silk Way» сауда ойын-сауық орталығының бірінші қабатында, мұз айдынының жанында орналасқан. Пункті 2025 жылдың 30 қыркүйегіне дейін әр сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері жұмыс істейді.
Айта кетейік, кеңестер толығымен тегін, алдын ала жазылусыз және қарапайым әрі түсінікті форматта өткізіледі. Барлық тұрғындарды осы мүмкіндікті пайдаланып, қолайлы жағдайда білікті заң көмегін алуға шақырамыз.