Есіл ауданында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссияның басты мақсаты – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, оларды психологиялық тұрғыда қолдау, сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы қараусыздық пен қаңғыбастықтың, құқықбұзушылықтың алдын алу.
Отырыста балалардың тәрбиесіне және олардың қоғамға бейімделуіне кедергі болатын мәселелер қаралып, оларды шешу жолдары талқыланды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан, қатыгез қарым-қатынастан және қоғамға жат ықпалдардан қорғау шаралары сөз болды. Комиссия құрамына мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің өкілдері енгендіктен, бұл жұмыстарды кешенді әрі тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік бар.