КИБЕРАЛАЯҚТЫҚТАН ҚОРҒАНУ ЖӨНІНДЕ АШЫҚ ЖИЫНҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

КИБЕРАЛАЯҚТЫҚТАН ҚОРҒАНУ ЖӨНІНДЕ АШЫҚ ЖИЫНҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

Есіл ауданында құқықтық насихат жұмыстары аясында тұрғындарға арналған ашық кездесу өтеді. Жиынға ішкі істер органдарының өкілі қатысып, кибералаяқтықтың алдын алу жолдары, алаяқтардың қазіргі қолданатын әдістері, жеке деректерді қорғау тәсілдері және интернетте күмәнді әрекеттер байқалған жағдайда қандай қадамдар жасау керектігі түсіндірілетін болады.

Есіл ауданы әкімдігі барлық тұрғындарды ашық жиынға қатысып, мамандардан киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған пайдалы кеңестер алуға шақырады.

Өтетін уақыты: 2025 жылғы 29 тамыз, сағат 11:00
Мекенжайы: Мәңгілік Ел даңғылы, 30