Есіл ауданы аумағында бүгін “Заң және тәртіп” акциясы шеңберінде кезекті іс-шара ұйымдастырылды. Синтетикалық заттардың жарнамасы бейнеленген заңсыз жазбалар мен граффитилер толықтай боялып, жойылды.
Бұл бастамаға аудан әкімдігі, Жастар саясаты басқармасы, “Астана жастары” еріктілері мен Полиция басқармасының өкілдері атсалысты.
Әли Жолтабар, Астана қаласы “Есіл” ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің басшысы:
— Жыл басынан бері Есіл ауданында 6 рейд жүргізіліп, синтетикалық заттарды жарнамалауға қатысты 31 граффити бейнеленген 20 орын анықталды. Барлық граффити боялып, толықтай жойылды.