ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 жылғы № 505 бұйрығымен бекітілген қала құрылысы жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларының нормалары мен талаптарына сәйкес егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу бойынша қоғамдық талқылаулар келесі сұрақтар бойынша өткізілетіні туралы хабарлайды:

1) «Есіл» ауданы, Керей, Жәнібек хандар және Ә. Бөкейхан көшелер қиылысында орналасқан жер учаскесінде, «Балабақша, кеңсе орындары және бизнес орталығы бар көппәтерлі тұрғын үй кешені» объектісін орналастыру бөлігінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу бойынша, тапсырыс беруші «СК Лидер-2» ЖШС.

Қоғамдық талқылаулар 2025 жылғы 22 қыркүйекте сағат 11:00-де Республика даңғылы, 32, 1 қабат мекенжайы бойынша өтеді.

📧 Дәлелді ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық талқылаулар басталған күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде b.balgozhin@astana.kz электрондық мекенжайға немесе Астана қ., Ә. Мәмбетов к-сі, 24-үй мекенжайындағы ұсыныстар жәшігінде (холл) қолма-қол қабылданады.

⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀