ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 жылғы № 505 бұйрығымен бекітілген қала құрылысы жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларының нормалары мен талаптарына сәйкес егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу бойынша қоғамдық талқылаулар келесі сұрақтар бойынша өткізілетіні туралы хабарлайды:
1) «Есіл» ауданы, Мәңгілік ел және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысы ауданында орналасқан жер учаскесінде, «NM-City-2» ЖШС тапсырыс берушісі болып табылатын «Кіріктірілген, кіріктірілген-жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені» объектінің атауын өзгерту бөлігінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу бойынша.
2) «Нұра» ауданында, Үркер т. а., Е794 көшесі, №1Б учаскесінде орналасқан жер учаскесінде, «Construction Machinery Co» ЖШС тапсырыс берушісі болып табылатын «Аз қабатты тұрғын үйлер (қабат – 3 қабат)» объектісін орналастыру бөлігінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу бойынша.

Қоғамдық талқылаулар 2025 жылғы 27 тамызда сағат 11:00-де Республика даңғылы, 32, 1 қабат мекенжайы бойынша өтеді.

Дәлелді ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық талқылаулар басталған күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде b.balgozhin@astana.kz электрондық мекенжайға немесе Астана қ., Ә. Мәмбетов к-сі, 24-үй мекенжайындағы ұсыныстар жәшігінде (холл) қолма-қол қабылданады.