Есіл ауданында инклюзивті орта қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыс жалғасуда. Саябақтар мен скверлердегі пандустардың, кіреберіс алаңдардың және қоғамдық санитариялық нысандардың қолжетімділігіне мониторинг жүргізілді.
Мақсат – арбамен қозғалатын азаматтар мен балалар арбасын сүйреген ата-аналар үшін қолайлы жағдай жасау. Іс-шараға Есіл ауданы әкімінің инклюзия мәселелері жөніндегі кеңесшісі Жанат Қабдулла және әлеуметтік сала мамандары қатысты.