Есіл ауданы аумағында 6 ірі заңсыз қоқыс орны толығымен жойылды. Жалпы көлемі 60 000 тоннадан астам құрылыс және тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Қайтадан қоқыс тастау фактілерінің алдын алу мақсатында кіреберіс жолдарға автокөлік қозғалысын шектейтін аркалар мен арнайы тосқауыл блоктары орнатылды.
Сонымен қатар, Есіл ауданының әкімдігі Экологиялық полиция басқармасымен бірлесіп, қалдықтарды заңсыз төккен азаматтарды анықтау және оларды жауапкершілікке тарту жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Бүгінде тағы 4 проблемалық учаскеде тазалау шаралары қарқынды жүргізілуде.