Есіл ауданында Астана күні қалай мерекеленді?

Есіл ауданында Астана күні қалай мерекеленді?

Астана қаласының туған күніне орай Есіл ауданында тұрғындар мен қонақтар үшін түрлі мазмұндағы мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Бағдарламаға патриоттық бағыттағы концерттер, дәстүрлі өнер кештері және заманауи фестивальдер енді.
4 шілде күні жаңбырлы ауа райына қарамастан, Жетісу саябағының аумағында ерекше форматтағы «Qala fest» фестивалі өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары кітаптармен алмасып, концерттік бағдарлама тамашалап, пластикалық бөтелкелерді тапсырып, естелік сыйлықтарға ие болды.
Сол күні Нұржол бульварында ұлттық рухты ұлықтаған «Домбыра Party» шарасы өткізілді. Шараға қатысқан жас домбырашылар мен кәсіби өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салып, түрлі марапаттармен марапатталды.
5 шілдеде Жетісу саябағында әскери оркестрдің қатысуымен өткен «Әскери керней» музыкалық фестивалі тұрғындарға ерекше әсер қалдырды.
6 шілде күні сол саябақта түрлі жанрдағы жарқын қойылымдардан тұратын «Перформанс фестивалі» өтті. Көрермендер заманауи өнердің ерекше үлгілерін тамашалап, тамаша көңіл күймен тарқасты.
Сондай-ақ, осы күні «Expo» аумағындағы жазғы сахнада «Мелодии столицы» атты концерт ұйымдастырылса, Abu Dhabi Plaza сахнасында «Летний фестиваль Abu Dhabi Fest» концерті көрермен назарына ұсынылды.
Мерекелік іс-шаралар елорданың мәдени өмірін жандандырып, тұрғындар мен қонақтарға ұмытылмас әсер сыйлады.