КӨҢІЛДІ СТАРТ: АУДАНДА ОТБАСЫЛАР САЙЫСЫ ӨТТІ

КӨҢІЛДІ СТАРТ: АУДАНДА ОТБАСЫЛАР САЙЫСЫ ӨТТІ

Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күніне орай ұйымдастырылған айлық шеңберінде Есіл ауданында «Астана – есірткісіз қала» ұранымен отбасылар арасында «Көңілді старттар» спорттық сайысы өтті.

Шараның басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру. Іс-шара барысында ата-аналар мен балалар бірге жарысып, белсенді қатысып, ұйымшылдықтарын көрсетті.