«Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 жылғы № 505 бұйрығымен бекітілген қала құрылысы жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларының нормалары мен талаптарына сәйкес егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу бойынша қоғамдық талқылаулар келесі сұрақтар бойынша өткізілетіні туралы хабарлайды:
1) «Есіл» ауданы, Мәңгілік ел және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысы ауданында орналасқан жер учаскесінде, «Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені» объектісінің 1-9 қабаттылығын өзгерту бөлігінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу, тапсырыс беруші «NM-City-2» ЖШС
2) «Есіл» ауданы, Ұлы Дала даңғылы, Е564, Е540, Е567 (жобалық атаулар) көшелері ауданында орналасқан жер учаскесінде, «Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені» объектісінің 4 қабаттан 9 қабатқа дейін объектісінің қабаттылығын өзгерту бөлігінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу, тапсырыс беруші «Қыран құрылыс KZ» ЖШС.
3) «Есіл» ауданы, ТМ-41, ТМ-3 (жобалық атаулар) көшелерінің қиылысы ауданында орналасқан жер учаскесінде «Паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй» объектісінің 5 қабаттан 9 қабатқа дейін қабаттылығын өзгерту бөлігінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу бойынша, тапсырыс беруші «Shanyrak Stroy Astana» ЖШС.
4) «Есіл» ауданы, Әл-Фараби даңғылы, ФА-17, ФА-1 (жобалық атаулар) көшелерінің кқиылысы ауданында орналасқан жер учаскесінде «Қызмет көрсету объектілері, коммерциялық үй-жайлары және паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй» объектісінің 5 қабаттан 9 қабатқа дейін қабаттылығын өзгерту бөлігінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу бойынша, Тапсырыс беруші «MDK 7» ЖШС.
5) «Есіл» ауданы, А52, А190, А42 (жобалық атаулар) көшелер ауданында орналасқан жер учаскесінде «Көп пәтерлі тұрғын үй кешені коммерциялық үй-жайлармен және паркингпен» объектісінің қабаттылығын 12 қабаттан 17 қабатқа, өзгерту бөлігінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу бойынша, тапсырыс беруші «MWC Invest» ЖШС.
Қоғамдық талқылаулар 2025 жылғы 15 шілде сағат 11:00-де Республика даңғылы, 32, 1 қабат мекенжайы бойынша өтеді.
📧 Дәлелді ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық талқылаулар басталған күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде n.seitzhaparov@astana.kz электрондық мекенжайға немесе Астана қ., Ә. Мәмбетов к-сі, 24-үй мекенжайындағы ұсыныстар жәшігінде (холл) қолма-қол қабылданады.