Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында биыл елімізде Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді.
Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады.
Құжаттар 30 маусымға дейін қабылданады.
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі: – Кандидаттардың құжаттарын қабылдау; – Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау; – Ситуациялық тапсырмаларды шешу; – Құзыреттерді бағалау; – Резервке іріктеу жөніндегі сарапшылық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу; – Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау.
Іріктеу қорытындысы бойынша 50 адам Резервке қабылданады.