"Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 611 кабинет, анықтама телефондары,
8 (7172) 55-69-42 Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Астана су арнасы" МКК бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Жоғары білім мынадай бейіндердің бірі бойынша: құқық, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технология саласында және кәсіпорын бейініне сәйкес лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
Уәкілетті орган бекіткен кәсіпорынның шаруашылық қызметінің ағымдағы және перспективалық жоспарларына, оның ішінде жоспарлы қаржылық көрсеткіштеріне сәйкес кәсіпорынның тиімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
Кәсіпорынға бекітілген мүлікті тиімді және мақсатты пайдалану, сақтау;
Уәкілетті орган жеткізетін мемлекеттік тапсырысты орындау;
Астана қаласы әкімінің, оның орынбасарының хаттамалық тапсырмаларын орындау;
Базалық кезең деңгейімен салыстырғанда қызметтер өндірісінің көлемін кеңейту;
Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ( оның ішінде зейнетақы қорларына), сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын уақтылы төлеу;
Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның таза табысының тиісті бөлігін мемлекеттік бюджеттің кірісіне аудару;
Кәсіпорынның шарттық міндеттемелерін орындау;
Кәсіпорынды техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау (қажет болған жағдайда);
Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, кәсіпорынды басқаруды жетілдіру үшін құқықтық құралдарды белсенді пайдалану, шарттық тәртіпті, кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын нығайту;
Экологиялық талаптарды сақтау;
Уәкілетті органның коммерциялық және қызметтік құпияларын сақтау және құпияны қорғауды қамтамасыз ететін шаралар қабылдау;
Уәкілетті орган айқындайтын мерзімдерде және тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің ағымдағы және перспективалық жоспарларының, оның ішінде қаржылық көрсеткіштердің жобаларын уәкілетті органға ұсыну;
Уәкілетті органға Қаржы-шаруашылық есептілігі туралы мәліметтерді ұсыну;
Уәкілетті органның жалғыз қатысушысымен іссапарларды, жыл сайынғы демалыстарды, жалақысы сақталмайтын демалыстарды жазбаша түрде келісу;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдау және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер;
Қызметтік және коммерциялық құпияны лауазымда болу мерзімі ішінде, сондай-ақ қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің құрамы мен көлемі белгіленетін кәсіпорынның бас директоры лауазымы тоқтатылғаннан кейін бір жыл ішінде жария етпеу туралы міндеттеме қабылдайды.
Лауазымдық жалақысы – 956 000 теңге;
Білуі керек: Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін, экономиканы дамытудың басым бағыттарын және тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының тиісті экономикалық қызмет түрін айқындайтын мемлекеттік органдардың актілері, ұйымның техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуының перспективалары, стратегиясы, басымдықтары, басқа органдардың ұйым қызметі, бейіні, мамандануы және кәсіпорын құрылымының ерекшеліктері, есепке алу және қаржылық талдау негіздері, кредиттеу схемалары, кәсіпорынның өндірістік қуаттары мен кадр ресурстары, шаруашылық және қаржы шарттарын жасасу және орындау тәртібі, кәсіпорынның экономикасы мен қаржысын басқару, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеу және жасасу және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібі, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, өрт қауіпсіздігі талаптары, Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңдардың нормалары, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі.
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білім туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;
6)"Денсаулық сақтау ұйымының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген);
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне, біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер беру және ғылыми жарияланым атағы туралы құжаттардың көшірмелеріне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарын және т.б. ұсына алады).
3-тармақта көрсетілген барлық құжаттар, сондай-ақ адамның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 02.02.2015 жылғы № 70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорын басшысын аттестаттауды тағайындау және өткізу қағидаларының талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу болған кезде комиссия құжаттарды берген адамды бес жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап. Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі комиссияның хаттамасымен бекітіледі.
Сондай-ақ, тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығы негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі анықталады.
Ерекше пікірі бар комиссия мүшелері, ол білдірілген жағдайда жазбаша нысанда баяндалады және хаттамаға қоса беріледі.
ТалқылаубарысыменКомиссияқабылдағаншешімхаттаматүрінде ресімделеді,оғанКомиссияныңбарлықмүшелері мен комиссияхатшысы қол қояды.
Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды мына мекенжай бойынша ұсыну қажет: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі 11, 6 қабат, 613 кабинет (анықтама телефондары: 556942).