"Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 611 кабинет, анықтама телефондары,8 (7172) 55-69-42 " Elorda Eco System "ШЖҚ МКК бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Лауазымдық міндеттері:
Заңнамаға сәйкес ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасау;
Қабылданатын шешімдердің орындалуын, оның балансындағы ұйым мүлкінің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, сондай-ақ оның қызметінің Қаржы-шаруашылық нәтижелерін қамтамасыз ету;
Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оларды іске асыру тетігін айқындау;
Шарттар жасасу, мәмілелер жасау, бөгде ұйымдармен немесе басқа заңды тұлғалармен операциялар жасау, өкімдер, бұйрықтар шығару, іскерлік кездесулерде кәсіпорынның атынан өкілдік ету;
Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру, олардың қызметін әлеуметтік және нарықтық басымдықтарды ескере отырып, инновацияларға және нарықтық жағдайдың өзгеруіне тез жауап беретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің икемді және ұтқыр өндірісін дамытуға және жетілдіруге бағыттау;
Кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыруды, өндірілетін қызметтердің сапасын арттыруды және пайданы ұлғайтуды, олардың мемлекеттік стандарттар мен жоғары дамыған елдердің стандарттарына сәйкестігін арттыруды қамтамасыз ету;
Ұйымның банктерді қоса алғанда, мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорлары, жеткізушілер, тапсырыс берушілер және кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауын, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарын (келісім шарттарын), индикативтік жоспарлар мен бизнес-жоспарлар көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз ету.
Жаңа техника мен технологияларды, еңбекті басқару мен ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын, маетриалдық, қаржылық және еңбек шығындарының ғылыми негізделген нормативтерін пайдалану негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастыру, өнімнің (қызметтердің) техникалық деңгейі мен сапасын арттыру, өндірісті интенсификациялауды, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында нарық конъюктурасын және озық тәжірибені (отандық және шетелдік) зерделеу, экономикалық тиімділік, өндірістік резервтерді ұтымды пайдалану және ресурстардың барлық түрлерін үнемді пайдалану;
Кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың талаптарын сақтау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау;
Басшылықтың экономикалық және әкімшілік әдістерін үйлестіруді, өндірістік және өзге де мәселелерді талқылау мен шешуді, өндіріс тиімділігін арттырудың материалдық және моральдық ынталандыруларын қамтамасыз ету;
Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал ету;
Ұйымның қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді заңнамамен берілген құқықтар шегінде шешуге, қызметтің жекелеген бағыттарын жүргізуді басқа лауазымды тұлғаларға, директордың орынбасарларына, филиалдардың, сондай-ақ функционалдық және өндірістік бөлімшелердің басшыларына тапсыруға;
Кәсіпорын қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруда заңдылықтың сақталуын, қаржылық басқару және нарықтық жағдайда жұмыс істеу үшін құқықтық құралдарды пайдалануды, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайтуды, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуді қамтамасыз ету;
Сотта, төрелікте, мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда ұйымның мүліктік және басқа да мүдделерін қорғау және білдіру.
Лауазымдық жалақысы – 755 000 теңге;
Білуі керек. Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін, экономиканы дамытудың басым бағыттарын және тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының тиісті экономикалық қызмет түрін айқындайтын мемлекеттік органдардың актілері, ұйымның техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуының перспективалары, стратегиясы, басымдықтары, басқа органдардың ұйым қызметі, бейіні, мамандануы және ұйым құрылымының ерекшеліктері, есепке алу және қаржылық талдау негіздері, Кредиттеу схемалары, ұйымның өндірістік қуаттары мен кадр ресурстары, шаруашылық және қаржы шарттарын жасасу және орындау тәртібі, ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеу және жасасу және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібі, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, өрт қауіпсіздігі талаптары.
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білім туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;
6) "Денсаулық сақтау ұйымының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген);
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне, біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер беру және ғылыми жарияланым атағы туралы құжаттардың көшірмелеріне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарын және т.б. ұсына алады).
3-тармақта көрсетілген барлық құжаттар, сондай-ақ адамның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 02.02.2015 жылғы № 70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорын басшысын аттестаттауды тағайындау және өткізу қағидаларының талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу болған кезде комиссия құжаттарды берген адамды бес жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап. Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі комиссияның хаттамасымен бекітіледі.
Сондай-ақ, тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығы негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі анықталады.
Ерекше пікірі бар комиссия мүшелері, ол білдірілген жағдайда жазбаша нысанда баяндалады және хаттамаға қоса беріледі.
ТалқылаубарысыменКомиссияқабылдағаншешімхаттаматүрінде ресімделеді,оғанКомиссияныңбарлықмүшелері мен комиссияхатшысы қол қояды.
Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды мына мекенжай бойынша ұсыну қажет: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі 11, 6 қабат, 613 кабинет (анықтама телефондары: 556942).