Астана қаласында МЖӘ жобасы бойынша бір кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жеке серіктесті анықтау конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Астана қаласында МЖӘ жобасы бойынша бір кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жеке серіктесті анықтау конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Астана қаласында МЖӘ жобасы бойынша бір кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жеке серіктесті анықтау конкурсын өткізу туралы хабарландыру

 

«Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ «Астана қаласында (Индустриялық парк ауданы) өнімділігі тәулігіне 15 000 м3 жергілікті кәріз тазарту құрылыстарын жобалау, салу және пайдалану» МЖӘ жобасы бойынша жеке әріптесті анықтау мақсатында екі кезеңнен тұратын конкурс жариялайтынын хабарлайды.

Жоба атауы: «Астана қаласында (Индустриялық парк ауданы) өнімділігі тәулігіне 15 000 м3 жергілікті кәріз тазарту құрылыстарын жобалау, салу және пайдалану».

Жобаны іске асыру саласы: су бұру.

МЖӘ жобасының мақсаты: Астана қаласының Индустриалдық парк аймағында жергілікті кәріздік тазарту құрылғыларын жобалау, салу және пайдалану.

Жобаның ілеспе мақсаттары мен міндеттері:

МЖӘ жобаның міндеттері:

  • жергілікті кәріздік тазарту құрылғыларын жобалау және салу іс-шараларын жүзеге асыру үшін жеке инвестицияларды тарту;
  • Астана қаласының үздіксіз су бұруы.

МЖӘ объектілерінің жобалық қуаты:

МЖӘ нысаны Астана қаласының Индустриалдық парк аймағында тәулігіне 15000 м3 өнімділікпен жергілікті кәріздік тазарту құрылғыларын жобалауды, салуды және пайдалануды қамтиды.

Жобаны жүзеге асыру орны: Астана қаласы.

МЖӘ жобасын іске асыру мерзімі: 87 ай.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеке серіктестер МЖӘ веб-порталы арқылы конкурсқа өтінімдерді МЖӘ веб-порталында хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ұсынуы қажет.

Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ.

Байланыс деректері: Электрмен жабдықтау және жобалау бөлімінің басшысы Андыбаева Ж.Е. тел. 55-69-37, e-mail: zh.andybaeva@astana.kz.

Қажетті ақпаратты Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 мекенжайы бойынша сағат 7.30-дан 12.00-ге дейін және 13.30-17.00-ге дейін алуға болады.

Техникалық тапсырма осы конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап сұраныс бойынша беріледі.