Астана қаласының Білім басқармасы «Үздік педагог-2024» атағын беру республикалық конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын хабарлайды:
– Қожантаева Ақмарал Ғабитқызы, Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК химия пәні мұғалімі;
– Хлыбов Андрей Леонидович, «№46 балабақша-мектеп-гимназия» кешені» КММ география пәні мұғалімі;
– Ұзақбайқызы Гүлназия, Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК тарих пәнінің мұғалімі;
– Сатмагамбетова Жанар Андреевна, Астана қаласы әкімдігінің «№ 33 «Алтын дән» балабақшасы» МКК музыка жетекшісі;
– Сүндетова Айнагүл Қалиқызы, Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК арнайы пәндер оқытушысы;
– Киргизбаева Баян Даутбаевна, Астана қаласы әкімдігінің «Сұлтанбек Қожанов атындағы № 64 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК география пәнінің мұғалімі;
– Сембина Майра Турсунхановна, Астана қаласы әкімдігінің «Astana polytechnic» Жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығының 2 тарауының 36 тармағына сәйкес қалалық «Үздік педагог» атағының иегерлері ІІІ кезеңге (республикалық) қатысуға жіберіледі.
Жеңіс құтты болсын!