«Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсын өткізу туралы

«Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсын өткізу туралы

Астана қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 26 мамырда Астана қаласының мемлекеттік мектептер арасында «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру қалалық конкурсы өтетінін хабарлайды.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім мен «Гранттар конкурсы» деген белгі тәртібі мен оның өлшемдері белгіленген Қағидаларының 11-тармағындағы өлшемдерге сәйкес (рейтингілік көрсеткіштер) тиісті құжаттарды Білім басқармасының кеңсесіне ағымдағы жылғы 25 мамырға дейін тапсыру қажет.