«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» конкурсын өткізу туралы

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі  білім беретін үздік ұйым» конкурсын өткізу туралы

Астана қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 484 бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 30 наурызда Астана қаласының мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» грантын беру қалалық конкурсы өтетінін хабарлайды.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім мен «Гранттар конкурсы» деген белгі тәртібі мен оның өлшемдері белгіленген Қағидаларының 11-тармағындағы өлшемдерге сәйкес (рейтингілік көрсеткіштер) тиісті құжаттарды Білім басқармасының кеңсесіне ағымдағы жылғы наурыздың 20-28 аралығында тапсыру қажет.