Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсы

Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсы

«Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 011111, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11,  1364 (бір мың үш жүз алпыс төрт) орынға балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды.

Құжаттары әлеуетті қызмет көрсетуші немесе олардың уәкілетті өкілдері (тиісінше ресімделген сенімхат болған кезде) кеңсеге «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 119 кабинет мекенжайы бойынша, жұмыс күндері сағат 09-00-дан 17-00-ге дейін 2023 жылғы 27 қаңтардан 2 ақпан (қоса алғанда) аралығында ұсынылады.

Балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларына қойылатын ең төменгі талаптар № 2 қосымшада көрсетілген, өтінішті ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын (бұдан әрі – бұйрық) орналастыру қағидаларына 1-қосымшада көзделген.