2023 жылдың 5 қаңтарынан бастап Астана қаласында жаңадан ашылған «№98 «Мирас» МКҚК балабақшасына топтарды жасақтау жұмыстары басталды

2023 жылдың 5 қаңтарынан бастап Астана қаласында жаңадан ашылған «№98 «Мирас» МКҚК балабақшасына топтарды жасақтау жұмыстары басталды

 

2023 жылдың 5 қаңтарынан бастап Астана қаласында жаңадан ашылған «№98 «Мирас» МКҚК балабақшасына топтарды жоспарлы жасақтау электрондық www.Indigo24.kz жүйесі арқылы  басталғанын қуана хабарлаймыз.

Бұл мәселеде барынша ашықтық пен айқындыққа қол жеткізу біздің бірінші кезектегі міндетіміз болып қала береді. Бұл үшін электрондық жүйенің ақпараттық бөлімінде «Орындарды босату хаттамасы» және «Жолдамаларды беру хаттамасы» сияқты ашық деректер қолжетімді, онда ата-аналарға: жарияланған орындар мен алынған жолдамалар туралы ақпарат қолжетімді.

Осылайша, біз жасақтау процесінің барынша ашықтығын қамтамасыз етеміз.

Әдістемеге сәйкес, жолдама алған кезде, кезектен тыс алушылар мен бірінші кезекте алушыларға 3 күн басымдық күні беріледі. Содан кейін 4-ші күні (еркін қол жеткізу күні) басқа кезекте тұрушыларға орындар кезек-кезек қолжетімді болады.

Келесі жеңілдікті санаттар басым құқықты пайдаланады:

кезектен тыс - әскери қызметшілердің балалары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балалары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің балалары (кезектен тыс).

Бірінші кезекте - педагогтер, мүгедектер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балалар, көп балалы отбасылардан шыққан балалардың заңды өкілдері  (жеңілдіктердің осы санаты «үшке бір» ара-қатынасында жолдама алады: жеңілдік санатындағы бір өтініш беруші және жалпы негіздегі үш өтініш беруші).

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Астана қаласының Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөліміне келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 55-72-49, 55-68-64, 55-68-74.