Деректерді өзектендіру және 2023 жылға арналған Тізбеге енгізу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарынан құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру

Деректерді өзектендіру және 2023 жылға арналған Тізбеге енгізу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарынан құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру

Деректерді өзектендіру және 2023 жылға арналған тізбеге енгізу үшін

мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған

Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарынан құжаттарды қабылдау

 

          «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекемесі деректерді өзектендіру және 2023 жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне енгізу үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.

          Құжаттарды жеткізушілер не олардың уәкілетті өкілдері (тиісінше ресімделген сенімхат болған кезде) кеңсеге (электрондық мекенжай: bilim@astana.kz) немесе тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып мына мекенжай бойынша ұсынады: «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 119 кабинетке, әрбір жұмыс күні сағат 08-30-дан 16-00-ге дейін, 2022 жылғы 08 – 12 желтоқсан аралығында ұсынылады.

          Өтінішті ресімдеу жөніндегі талап Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) бекітілген еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына 1-қосымшада көзделген.

          Бұйрық Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде мынадай сілтеме бойынша орналастырылған: adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029323#z7.