Жас мамандарға Президент Жолдауын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өтті

Жас мамандарға Президент Жолдауын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өтті

Жас мамандарға Президент Жолдауын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өтті

Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Астана қаласы Білім басқармасы мен Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» елордадағы білім беру ұйымдарының мамандарына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 ж. 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге  Астана қаласы мәслихатының депутаттары Ерлан Дакенов, Азамат Айтхожин, Әдістемелік орталық басшысының орынбасары Дидар Байтасов және №3 мектеп-гимназиясының  ұстаздары мен жас мамандары қатысты.

 

№3 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімдері                                А.Қ. Асаинова, Г.Қ. Исабекова, Е.Б. Аренов Жолдаудағы реформаның нақты  5 бағдары, соның ішінде білім беру жүйесін, білім мен тәрбие берудің сапасын арттыру бағытындағы мәселелерді  ұстаздармен талқылады. Дөңгелек үстелге қатысушы  ұстаздар соңынан өз ой-пікірлерімен бөлісті.