«Астана қаласының Білім басқармасы» ММ қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау туралы АНОНСЫ

«Астана қаласының Білім басқармасы» ММ  қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау туралы АНОНСЫ

2025 жылға арналған № 4 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» үлгілік базалық бағыт іске асыру аясында «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау (бұдан әрі – СЖТІТ) кестесіне сәйкес 2025 жылғы 30 сәуір мен 16 мамыр аралығында «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) қызметінде СЖТІТ жүргізілуде.

2025 жылғы 21 мамырда Басқарманың қызметінде СЖТІТ қоғамдық талқылау жоспарланған.

СЖТІТ «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша әдістемелік ұсынымдары» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығына сәйкес келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;
  • Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;
  • Рәсімдердің реттелмегендігін анықтау;
  • Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;
  • Жұмысқа қабылдау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;
  • Мемлекеттік қызмет көрсету мен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;
  • Қосымша білім берудегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;
  • Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде орын бөлу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;
  • Қаржы –шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

      «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібіне қатысты сұрақтар бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: + 7 (7172) 55-68-75 («Астана қаласының Білім басқармасы» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімі).