Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті еңбекақы төлеуге бағытталған бюджеттік қаражатты пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.
Сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің функционалын кеңейтті.
«Онлайн бюджеттік мониторинг» нәтижелері бойынша Астана қаласы әкімдігінің «№2 арнайы мектебі» КММ-де (бұдан әрі – Аудит нысаны) Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі - Департамент) аудиттік іс-шара жүргізілді.
Аудит барысында келесі бұзушылықтар анықталды:
Аудит нысанымен уақытша еңбекке жарамсыздық және еңбекақы сақталмайтын демалыс кезеңдерінің есеп-қисап төлем ведомостерінде дұрыс көрсетілмеуі ақшалай қаражаттың негізсіз есептелуіне және төленуіне алып келген. Артық төленген қаражат көлемі – 124,4 мың теңге, ал кем төленгені – 24,4 мың теңге.
Сондай-ақ еңбекақыны есептеу, қосымша төлемдер мен үстемақылар тағайындау кезінде бас бухгалтерге белгіленген шектерден тыс қосымша міндеттер жүктеліп, тиісті мөлшерден артық қаражат есептеліп, төленгені анықталды.
Бас бухгалтерге экономист лауазымындағы қосымша жүктеме және қызмет көрсету аумағын кеңейткені үшін үстемеақылар мен қосымша төлемдер негізсіз есептеліп, бюджет қаражаты 10 549,0 мың теңге көлемінде артық төленген.
Сондай-ақ, кейбір жағдайларда қызметкерлерге берілген аванстардың көлемі олардың лауазымдық айлықтарының 50%-ынан асып кеткені тіркелді.
Бұл көрсеткіштің асуы бекітілген нормаларға қайшы келіп қана қоймай, қаржылық тәртіп принциптерінің бұзылу қаупін тудырады. Аудит нысаны аталған норманы 16 899,2 мың теңгеге асыра пайдаланған.
Аудит барысында 141-ші ерекшелік «Тамақ өнімдерін сатып алу» бойынша қарастырылған қаражаттың 112-ші ерекшелік «Қосымша ақшалай төлемдер» бойынша ынталандыру сипатындағы төлемдерге бағытталғаны анықталды. Бұл сома 2 870,0 мың теңгені құрайды.
Аудит қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және оларды жіберген тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру жөнінде нұсқама берілді.
Осылайша, «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесінің енгізілуі мен дамуы бюджет қаражатын пайдалануда ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етудегі цифрлық құралдардың тиімділігін көрсетеді. Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жүргізген жұмысы бақылау, бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік сектордағы қаржылық тәртіпті нығайтуда жүйелі тәсілдің маңыздылығын дәлелдейді.
Алдағы уақытта Департамент ішкі аудит пен тәуекелдерді басқару механизмдерін жетілдіру бағытында мемлекеттік қаржылық бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстарды белсенді түрде жалғастырады.