ҚАУІПСІЗДІК: «АҚБҰЛАҚ» ЖӘНЕ «ЕСІЛ» ӨЗЕНДЕРІНІҢ ЖАҒАЛАУЛАРЫНА «ЖҮЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛДЫ

ҚАУІПСІЗДІК: «АҚБҰЛАҚ» ЖӘНЕ «ЕСІЛ» ӨЗЕНДЕРІНІҢ ЖАҒАЛАУЛАРЫНА «ЖҮЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛДЫ

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында «Байқоңыр» ауданы әкімдігі қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар басқармасы (ТЖБ) бірлесіп «Жүзуге тыйым салынады» белгілерін «Ақбұлақ» және «Есіл» өзендерінің жағалауларына орнатты.

Аталған іс-шара жазғы маусымға дайындық аясында өткізіліп, жағалау аймақтарындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

Қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік талаптарын сақтауға және су жағасында демалуды жауапкершілікпен атқаруға шақырамыз.