Елордалық Байқоңыр ауданында рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою жұмыстары белсенді түрде жалғасуда

Елордалық Байқоңыр ауданында рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою жұмыстары белсенді түрде жалғасуда
Елордалық Байқоңыр ауданында аумақты санитарлық тазалау және рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою жұмыстары белсенді түрде жалғасуда.
 
2025 жылдың басынан бері 4 қоқыс үйіндісі анықталып, жойылды. Аталған учаскелерден барлығы 140 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.
 
Тазалау жұмыстары келесі мекенжайлар бойынша жүргізілді:
•101-көше — 21,7 тонна
•Горбатый көпір аумағы — 67,6 тонна
•Пушкин көшесі (ЖЭО ауданы) — 35,9 тонна
•Циолковский көшесі — 15,54 тонна
 
Жұмыстар жоспарға сай жалғасып, аумақтың санитарлық жағдайы толық қалпына келгенше жүргізіледі.
 
📌 Еске саламыз: 2025 жылғы 10 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 344-бабына өзгерістер күшіне енді. Бұл өзгерістер қоқысты рұқсат етілмеген орындарға тастағаны үшін жаза шараларын күшейтеді.
 
📌 Айыппұл мөлшері:
 
🔹 Бірінші рет бұзушылық жасаған жағдайда:
 
Жеке тұлғалар мен кәсіпорындар үшін — 100-ден 1000 АЕК-ке дейін (393 200-ден 3 932 000 теңгеге дейін) айыппұл.
 
🔹 Бір жыл ішінде қайталап бұзушылық жасаған жағдайда:
 
Жеке тұлғалар мен кәсіпорындар үшін — 200-ден 2000 АЕК-ке дейін (786 400-ден 7 000 000 теңгеден астам) айыппұл.
 
Қоқыс шығаруға пайдаланылған көлік құралдары мен басқа да заттарды тәркілеу мүмкіндігі де қарастырылған.
 
Бұл шаралар жаңа рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеуге және қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған.
 
Тұрғындарды тазалықты сақтауға және қоқысты рұқсат етілмеген жерлерге тастау фактілері туралы хабарлауға шақырамыз.