НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ЕЛОРДАЛЫҚ «БАЙҚОҢЫР» АУДАНЫНДА ЖАҢА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ЕЛОРДАЛЫҚ «БАЙҚОҢЫР» АУДАНЫНДА ЖАҢА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

Наурыз мейрамы қарсаңында елордалық «Байқоңыр» ауданында №20 жаңа учаскелік полиция пункті ашылды.

Ашылу салтанатына Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев қатысты.

Аталған полиция пункті ауданда қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру және полицияның халықпен өзара іс-қимылын нығайту мақсатанда Янушкевич көшесі, 10 мекен-жайы бойынша ашылды.

№20 учаскелік пункт үш балабақша, ондаған тұрғын үй кешені және университет орналасқан қала аумағын қамтиды.

Полиция пунктінің жалпы ауданы 75 шаршы метрді құрайды, онда учаскелік инспекторлардың кабинеттері, азаматтарды қабылдау бөлмесі, кезекші қызметкерлерге арналған үй-жай жабдықталған.

Полиция бөлімшесінде аумақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін және тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қоятын арнайы қызметкерлер жұмыс істейді.

Полиция пункті бүгін, Наурыз мейрамы қарсаңында салтанатты түрде ашылды.

Айта кетейік, ауданымызда бастау алған реновация бағдарламасы аясында 96 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда. Олардың қатарында тағы да осындай учаскелік полиция пунктерін ашу қарастырылған.