БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНЫҢ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРЫ МЕН ТҮРЛІ САЛАДА ЕҢБЕК ЕТІП КЕЛЕ ЖАТҚАР АРУЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНЫҢ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРЫ МЕН ТҮРЛІ САЛАДА ЕҢБЕК ЕТІП КЕЛЕ ЖАТҚАР АРУЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында елордалық Байқоңыр ауданының көпбалалы аналары мен арулары марапатталды. 

Аналар мен арулардың құрметіне «Арулар - асыл жандар» атты мерекелік шара өтті.

Шара барысында «Байқоңыр» ауданының дамуы мен гүлденуі жолында әр салада табанды еңбек етіп келе жатқан әйелдер қауымы марапатталды.

Сонымен қатар, ауданымыздың алтын құрсақты аналарына «алтын алқа» және «күміс алқа» мемлекет наградалары салатанатты түрде табысталды.

Мерекелік шараға ауданның белсенді тұрғындары, құқық қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, коммуналдық қызмет, тұрғын-үй, мәдениет салаларында табанды еңбек етіп келе жатқан аруларымыз қатысты.

Мерекелік концертке ҚР еңбек сіңірген әртістері, қоғам қайраткерлері қатысып, эстрада жұлдыздары әсем әндерімен әйелдер қауымын мерекемен құттықтады.