2024 жылы «Байқоңыр» ауданда мемлекеттік жерде заңсыз орнатылған 20-дан аса сауда нысандары алынып тасталды. Ал ағымдағы жылдың басынан бүгінгі күнге дейін заңсыз 5 дүңгіршек алынып тасталды.
📌Естеріңізге саламыз: кәсіпкерлер сауда павильонын заңды түрде орналастыру үшін «СПК Astana» АҚ-на өтініш беруі қажет. Тиісті заңнама аясында кәсіпкерлерге жер учаскелерін жалға алу мүмкіндігі ұсынылады.
Аудан аумағында заңсыз саудаға қатысты тұрғындар тарапынан шағымдар жиі түсуде. Аталған шағымдар негізінде мониторинг жүргізіліп, павильон иелерімен заңбұзушылықты өз еркімен жою бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
📌Кәсіпкерлікке қатысты қосымша сұрақтар бойынша төмендегі байланыс нөміріне хабарласуға болады:
+7 771 164 0515
Райымбек Айтжан - «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты, Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы