«Байқоңыр» ауданында абаттандыру ережесін сақтау бойынша Табиғатты қорғау полиция қызметінің ЖПҚ қызметкерлерімен бірлесіп кварталішілік аумақтарды аралау жұмыстары жүргізілуде. Аралау барысында мұз сүңгілерін, қоқыс, қар үйінділер жинамаған бірқатар қызмет көрсетуші ұйым басшыларына айыппұл салынды.
Атап айтар болсақ, 2025 жылдың басынан бастап кварталішілік аумақтар бойынша аралау нәтижесінде абаттандыру ережелерін бұзған 18 факті анықталды.
Оның 13-і бойынша: ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 1-бөлігі бойынша ескертулер түрінде әкімшілік хаттамалар жасалды, 5 жағдай бойынша: 505-бабы 2-бөлігіне сәйкес хаттама жасалып, 157 280 теңге көлемінде айыппұл салынды. Жыл басынан бергі айыппұл мөлшері барлығы 786 мың теңгені құрайды.
Аталған абаттандыру ережесін сақтау және оны бұзған фактілерді анықтау бойынша көшпелі аралау жұмыстары әлі де жалғасуда.