Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді «Казгородок» тұрғын алабы мен «Қоянды» саяжай алқабының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында тұрғын алап және саяжай алқабының тұрғындарымен өзекті мәселелер талқыланды.
"Тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір сұрақ бойынша жол картасы дайындалады және барлық мәселе жіті бақылауда болады. Осымен Байқоңыр ауданының тұрғындармен кездесу барысында барлық тұрғын алаптар толығымен қамтылды. Әрі қарай белсенді тұрғындарымызбен бірге тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері аясында тұрғын алаптарды дамыту жұмыстарын жалғастыратын боламыз" - деді аудан басшысы Т. Рахманберді.