ҰОС АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

ҰОС АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

Елордамызда Жеңіс күніне орай, дәстүрлі акция өткізілмек. Оның аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, ауған соғысының ардегерлеріне тегін медициналық тексеруден өте алады. Олар арнайы мамандардың қабылдауларында болып, медицина орталығында тегін және тұрақты түрде медициналық тексеріс пен кеңес беру-диагностикалық көмек көрсетіледі.

Бүгінгі таңда еліміздегі егде жастағы азаматтарының денсаулығын жақсарту және өмір жасын ұзарту – Президент саясатының ең басты міндеттерінің бірі. Қарттарымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестерінің орны біз үшін қашан да бөлек.

Төменде, «Байқоңыр» ауданы бойынша қабылдайтын медициналық орталықтың қабылдау кестесін назарларыңызға ұсынамыз:

1. Астана қ. «№8 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК
Мекен-жайы: Сембинов көшесі, 4/1
Қабылдау кестесі: 138 кабинет, сағат 13.00-ден 16.00-ге дейін