«БАЙҚОҢЫР» АУДАНЫНДА САНИТАРЛЫҚ-ТАЗАЛАУ БОЙЫНША АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАР 23%-ҒА КӨБЕЙТІЛДІ

«БАЙҚОҢЫР» АУДАНЫНДА САНИТАРЛЫҚ-ТАЗАЛАУ БОЙЫНША АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАР 23%-ҒА КӨБЕЙТІЛДІ

Бүгін «Байқоңыр» ауданы аумағындағы көктем-жаз маусымында санитарлық-тазалық жұмыстарын атқаратын арнайы техникаларды қарадық.

📌«Байқоңыр» ауданы аумағында санитарлық тазалауды 32 мердігерлік ұйым жүзеге асырады.
Оның ішінде:
- 6 механикаландырылған тазалау;
- 11 қолмен тазалау;
- 8 орамішілік тазалау;
- 7 басқа түрлері (рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою, су тасқынына қарсы іс-шаралар, саябақтар мен алаңдар).

Бүгінгі арнайы техникалардың алдағы маусымға дайындығын тексеру барысына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев қатысты.

Шара барысында мердігер ұйым өкілдерімен бірге қатарға қосылған жаңа техникалар жұмысы қаралды, санитарлық-тазалық жұмыстары аясында бірқатар тапсырмалар жүктелді.

📌Арнайы техникалардың санын әлі көбейту жоспарлануда.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Байқоңыр» ауданының барлық аумағында ауқымды түрде көктемг санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. Екі ауысымға күніне желіге 250-ден аса техника мен жол жұмысшылары жұмылдырылуда.