«БАЙҚОҢЫР» АУДАНЫ БОЙЫНША ЖОЛ ЖӨНДЕУДІҢ АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЫ

«БАЙҚОҢЫР» АУДАНЫ БОЙЫНША ЖОЛ ЖӨНДЕУДІҢ АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЫ

2024 жылы Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасымен «Байқоңыр» ауданының аумағында 10 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлап отыр. Оның ішінде 7 көше ауданның орталық бөлігінде, 2 көше – «Өндіріс» тұрғын алабында және 1 көше – «Кирпичный» тұрғын алабында.

Атап айтар болсақ:

ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕР:
1. Тәшенов тұйық көшесі Бараев көшесінен Тәшенов көшесіне дейін
2. Тәшенов көшесі Республика даңғылынан Амман көшесіне дейін
3. С. Рахимов көшесі Бөгенбай батыр даңғылынан Сейфуллин көшесіне дейін
4. Ә. Жангелдин көшесі Республика даңғылынан Рахимов көшесіне дейін
5. Кенесары көшесі Брусиловский көшесінен А. Сембинов көшесіне дейін
6. Брусиловский көшесі Иманов көшесінен Кенесары көшесіне дейін
7. Алаш тас жолы №191 көшеден № 69 көшеге дейін

«ӨНДІРІС» ТҰРҒЫН АЛАБЫ:
8. Ақбидай көшесі Ш. өндіріс көшесінен Кемеңгерұлы көшесіне дейін
9. Игілік көшесі Жаңажол көшесінен Тайбурыл көшесіне дейін

«КИРПИЧНЫЙ» ТҰРҒЫН АЛАБЫ:
10. Арқарлы көшесі Ойыл көшесінен 191 көшеге дейін

📌Бүгінгі таңда «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен жолдың апаттық учаскелері бойынша қосымша ауқымды аралау жұмыстары жүргізілді. Аралау нәтижесінде, жол жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ-не келесі мекенжайлар берілді:
1. Өндіріс көшесі Үшқоңыр көшесінен Ақбидай көшесіне дейін
2. Өндіріс көшесі Шыңғырлау көшесінен 30-шы көшеге дейін
3. Игілік көшесі Гоголь көшесінен Тайбурыл көшесіне дейін
4. Жолымбет көшесі Алаш тас жолынан Чехоев көшесіне дейін
5. Арқарлы көшесі Ойыл көшесінен 191 көшеге дейін
6. Омаров көшесі Айманов көшесінен Ш.Уәлиханов көшесіне дейін
7. Бейсекбаев көшесі Кенесары көшесінен Иманов көшесіне дейін
8. Жиенқұлов көшесі Сембинов көшесінен Бейсекбаев көшесіне дейін
9. ⁠Малахов көшесі Дүйсенбаев көшесінен Сусамыр көшесіне дейін