КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Астана қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен «Байқоңыр» ауданы әкімдігі арасында Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған меморандумның мақсаты – кәсіпкерлердің, халықтың құқықтарын қорғау және бизнес мүдделерін қолдау. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және қызмет үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Жиынға «Байқоңыр» аудандық құқық қорғау органдарының, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері, бизнес өкілдері мен жеке кәсіпкерлер қатысты.

«Байқоңыр» ауданында бүгінгі таңда 35 мыңнан аса ШОБ субьектілері, 12 базар, 24 сауда үйі, 144 жалпы тамақтану орындары т.б. тіркелген.

Өздеріңіз білетіндей, «Байқоңыр» ауданы елорданың ескі бөлігінде орналасқан. Дегенмен, өнеркәсіп ошақтарын дамыту үшін қолайлы орын екені баршамызға мәлім. Осы орайда, отандық немесе шетелдік инвесторлар аудан төңірегінде өз кәсіптерін жүзеге асырамын десе қолдау көрсетуге қашан да дайынбыз.

Айта кетейік, ақпан айынан бастап әр сәрсенбі сайын «Байқоңыр» ауданы әкімдігі ғимаратында аудандағы кәсіпкерлерді қабылдау үшін арнайы «Кәсіпкерлер күні» белгіленді.