ЕЛОРДАЛЫҚ ЕРІКТІЛЕР ҚАРИЯЛАРДЫҢ АУЛАСЫН ҚАРДАН ТАЗАРТТЫ

ЕЛОРДАЛЫҚ ЕРІКТІЛЕР ҚАРИЯЛАРДЫҢ АУЛАСЫН ҚАРДАН ТАЗАРТТЫ

Бүгін «Байқоңыр» ауданы әкімі аппаратының бастамасымен «10 игі іс» акциясы аясында «Астана жастары» мекемесінің еріктілерімен бірге мұқтаж зейнеткерлердің аулалары қардан тазартылды.

Волонтерлер барлығы аудандағы 5 отбасының ауласындағы қарын шығарып, үлкендердің алғысына бөленді. Зейнет жасындағы егде жастағы азаматтар үшін бұл үлкен көмек болды.

Қар күреу көмегінен бөлек, зейнеткерлерге мерекелік тәтті сыйлықтар мен азық-түліктер толы себеттер де табысталды.

«Қайырымды іс - жүректен»- деп ұрандаған еріктілермен бірге аталған бағыттағы игі істер жаласатын болады.