«БАЙҚОҢЫР» АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ТЕҢІЗ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ ЖАСАДЫ

«БАЙҚОҢЫР» АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ТЕҢІЗ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ ЖАСАДЫ

Су асты әлемі ауданымыздың кішкентай тұрғындарына есігін айқара ашты. «Байқоңыр» ауданының оқушылары елордадағы «Айленд» ойын-сауық орталығына барды.

Онда океанариум, экзотариум залдарын тамашалап, теңіз әлеміне саяхат жасады.

Кішкентай тұрғындардың сөзінше:
Аквариумға кірген кезде балалар бірден теңіз әлеміндегі ғажайып атмосфераны сезінді. Түрлі-түсті балықтар мен маржандарға толы үлкен аквариум оларды қатты қуантты. Айналаның бәрі ертегі және ерекше болып көрінді.

📌Осылайша, океанариум оқушыларға су астындағы әлем туралы білуге мүмкіндік берді.

Осы ретте, жоғарыда аталған шараға қолдау білдірген «Айленд» ойын-сауық орталығына Алғысымызды білдіреміз.