«Байқоңыр» ауданында 2024 жылға «Халық қатысатын бюджет» жобасы және «Көгалдандыру жарғысы» аясында қоғамдық талқылау өтті.
2024 жылы жүзеге асырылатын жобалардың сараптамалық кеңес төрағасы болып ҚР мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай тағайындалды.
Дархан Қамзабекұлы осыған дейін Президент әкімшілігінде Мәдениет және ақпарат министрі, әкім және тағы да басқа басшылық қызметтер атқарған, сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.
Қоғамдық талқылауға ауданның белсенді тұрғындары, сараптамалық кеңес төрағасы мен мүшелері, елордалық мәслихат депутаттары, Астана қаласы Урбанистика орталығының, қалалық жергілікті мекеме өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.
Талқылау барысында 2024 жылға арналған ауданның даму жоспары, оның ішінде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары талқыланды.
Айта кетейік, көгалдандыру жарғысы - қаланың барлық қатысушылары, оның ішінде тұрғын үй кешендері, өнеркәсіптік және коммерциялық нысандар, сауда және бизнес орталықтарына сапалы көгалдандыру және көгалдандыру мәселелеріне ерекше назар аудару құралы болып саналады.
Құжат аясында жасыл желектер, суару жүйелерімен және күтім жұмыстарымен қамтамасыз ету, ағаштар саны бойынша регламент және т.б. талаптар қабылданатын болады.
Жоғарыда аталған қоғамдық талқылаулар жыл соңына дейін тұрақты жалғасатын болады.
Осы орайда, ауданымыздың белсенді тұрғындарына, сараптамылық кеңес мүшелеріне Алғысымызды білдіреміз!
Елордамызды Сіздермен бірге көркейтеміз🙌