Құрметті аудан тұрғындары!
«Байқоңыр» ауданында қоғамдық кеңістіктерді абаттандырудың 2024 жылға арналған жоспарын назарларыңызға ұсынамыз!
Өздеріңіз білетіндей, 9 қарашадан бастап, «Байқоңыр» ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандырудың жобалық ұсыныстарды талқылау бастау алған болатын.
Аталған талқылаулар келесі жылдың басына дейін апта сайын өткізілетін болады. Бұл – жобалардың тиімді жүзеге асуына мүмкіндік береді.
Талқылау кезеңінен кейін, 2024 жылдың басында Сіздердің жобалық ұсыныстарыңызды қабылдау басталады.
Құрметті тұрғындар, аталған бағдарламаға белсенді қатысуға шақырамыз🙌
☎️ «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында қосымша сұрақтарыңыз болса төмендегі байланыс нөміріне жолдасаңыздар болады:
+7 701 553 2627 Рауан, Абаттандыру бөлімінің бас маманы