Жыл сайын суық ауа райының және жылыту маусымының басталуымен өрттің, қаза болу мен жарақаттанудың алдын алу мақсатында тұрғын үй секторын аралау бойынша бейінді іс-шаралар жүргізіледі.
Осыған орай, «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, «Байқоңыр» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы, Ювеналды полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағындағы жер үйлерді аралау жұмыстарын жалғастыруда.
Аралау кезінде аз қамтылған және көп балалы отбасылар, зейнеткерлер тұратын үйлерде өрт қауіпсіздігі үшін дабыл құрылғылары орнатылуда.
📌Іс-шара барысында «Байқоңыр»ауданы бойынша барлығы 4200-ге жуық тұрғын үй секторын қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда 3000-нан аса тұрғын үй секторында аралау жұмыстары жүргізіліп, 51 жеке секторларда аталған датчиктер орнатылды, арнайы анықтама қағаздары да таратылуда.
Бұдан басқа, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету мақсатында қажетті үйлерде түтін мұржаларын тазарту жұмыстары жүргізілетін болады.
📣📣📣Құрметті аудан тұрғындары!
Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін сақтық шараларын сақтауға және мұқият болуға шақырамыз!
Сондай-ақ, мұржа тазалау жұмыстарын басты назарда ұстап, қатты отын жағуда абай болуларыңызды еске саламыз🙌