2023 жылғы 3 сәуірден бастап 7 сәуір аралығында,«Стоматология» оқу –клиникалық орталығы» Астана қаласы бойынша, оның ішінде «Байконыр» ауданында тіркелген азаматтарды тегін тіс емдеу және протездеуге қабылдайды.
Қабылдау келесі санаттар бойынша жүргізіледі:
• ҰОС ардагерлері және ҰОС-ның мүгедектері, соған теңестірілгендер (Чернобыль, Ауған соғысы ардагерлері)
• Жасы бойынша зейнеткерлер (ер кісілер-63 жасы, әйел кісілер -61жас )
• 1,2,3 топ мүгедектігі бар тұлғалар
• Көп балалы аналар (көп балалы отбасылар, аз қамтылған азаматтар санатынан (аналар) (АӘК алушылардың қатарынан)
• Мүгедек-бала асырап отырған отбасы (ата-анасының біреуіне)
Жазу онлайн режимінде жүзеге асырылады.
Бұл жазу форматы халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған.
Аудан тұрғындары жазылу үшін төмендегі байланыс нөміріне хабарласа алады:
• «Байконыр» ауданы: 31-05-02, 8 (702) 159-54-31, 8 (702) 159-54-32
Құжаттар тізімі:
• ҚР жеке куәлігі
• Жасы бойынша зейнеткер куәлігі
• 1,2,3 топ мүгедектік куәлігі